Азғыр полигоны туралы не білеміз?

Азғыр полигоны туралы не білеміз?

Семей полигоны туралы жиі еститінмін. Ал жақында Азғыр полигоны жайлы естіп қалдым. Ол полигон қай аймақта орналасқан?
Асхат ДЕМЕСІНОВ,
Қарағанды
Азғыр полигоны Батыс Қазақстан мен Атырау облысының шектесетін жерінде, Нарын аумағында ор­на­ласқан. 1966-1979 жылдары мұнда 17 жерасты ядролық жарылыс жа­сал­ған. Ал ашық ауада 12 жарылыс орын алған. Жалпы, 1952-1991 жыл­дар аралығында Нарында бар­лығы 29 ядролық жарылыс жүр­гі­зіл­ген. Одан өзге 24 мыңға жуық түр­лі­ше бас­қа­рылатын зымырандар мен қа­рудың 177 жаңа түрі сыналған кө­рінеді. Әлем­ге әйгілі аса қуатты РСД-10, СС-20 ракеталары да осында жойылса, барлық жарылыстар жел Еділден соққанда жасалып отырған екен. Сонда бір ғана Азғырдың ма­ңын­да он шақты сынақ алаңы бол­ғаны бертінде мәлім болып отыр. Жер­асты сынақтары шамамен 165 метр тереңдікте жа­са­лып отырған, ға­лымдар дә­лел­деуінде Аз­ғырдан ауа­ға 10 млн Кюри ра­дио­активті газ лақ­тырылған кө­рі­неді. Мұның өзін ғалымдар Чернобыль апатына те­ңес­тіруде. Сол жылдарда аталмыш ай­мақтағы туберкулез 6,8 есеге, без ау­рулары 19 есе, буын ау­рулары 16 есе, асқазан-ішек аурулары 6 есе, одан басқа жү­рек-қан тамыр­лары сыр­қат­тарының түрлері күрт кө­бейген. Сол уақыттарда далалықтағы киік­тердің, шаруашылық жыл­қы­ла­ры­ның мұрнынан қан кетіп қы­рыл­ға­нының куәсі болғандар да жет­кі­лікті. Асан-Азғыр аралығындағы по­­лигон салдарынан бүлінген күре жол­­дың 300 метрдей жерін ауыл адам­­дары «қырық шұңқыр» атап кеткен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста