Мен жүріп жүрген жігітіммен АХАЖ бөліміне барып заңды тіркелмей, азаматтық некеге тұрдым. Екі жылдан кейін ұлды болдық. Алайда кейіннен дәм-тұзымыз жараспай, айырылысып кеттік. Менің білгім келгені, азаматтық некеде туған балаға алимент өндіруге бола ма?
Ләззат, Кентау қаласы
Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы» туралы Заңының 124-бабына сәйкес, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады. Сондай-ақ заң алиментті төлеу міндетін балалардың некеде немесе некесіз туылғанына тәуелсіз қояды. Егер азаматтық некедегі азамат өз әкелігін дауласа, ол сот тәртібінде бекітілуі мүмкін.