Азаматтық форумның мақсаты неде?
Елімізде Азаматтық форум қашаннан бері өткізіліп келеді? Оның мақсат-мүдделері қандай?
Нүркен Нұрқожа, Ақтөбе қаласы
Қазақстанда мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі азаматтық қоғам институттарының дамуы үшін қолайлы жағдайларды жасау болып табылады. Адам құқықтарын, тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қорғау, салауатты өмір салтын, шығармашылық бастамаларды дамыту сынды мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Қазақстанның Азаматтық форумы екі жылда бір рет өткізіледі. Форум барысында үкіметтік емес сектор мен әлеуметтік саланы дамытудың стратегиялық мәселелері талқыланады, тиісті ұсыныстар мен бірлескен іс-шаралардың жоспарлары әзірленеді. Азаматтық форумның мақсаты азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту және олардың мемлекетпен және бизнес-сектормен тең құқылы серіктес ету үшін заңдық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-методикалық негіздемені жетілдіру болып табылады.
І форум 2003 жылғы 14 қазанда өтті.
ІІ форум 2005 жылғы 11 қыркүйекте Елбасының қатысуымен өтті.
ІІІ форум 2007 жылғы 17-18 қазанда өткізілді.
ІV форум биылғы жылдың осы қазан айында өткізіледі.