Аз қамтылған отбасы ретінде жәрдемақы төленуі тиіс пе?

Мен бес баланың анасымын. Балаларымның үлкені 10 жаста. Қазіргі уақытта үш айлық ба­ламен бала күтіміне байланысты декреттік демалыста отырмын. Балаға алатын ай са­­йын­ғы жәрдемақы мөлшері 22 мың теңге көлемінде. Жолдасымның айлық жала­қы­сы 40 мың теңге. Осы орайда менің білгім келгені, маған аз қамтылған отбасы ретінде мем­­лекеттен арнайы жәрдемақы төленуі тиіс пе? Төленер болса, оның мөлшері қанша бо­ла­ды?
Зүбайра Жайдарханова,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдем­ақы туралы» Заңы бойынша бірге тұратын төрт жә­не одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білім­нен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын ба­лалары бар көпба­лалы отбасылар, балалары кә­ме­леттік жасқа тол­ғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақыт­қа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) арнаулы мемлекеттік жәр­демақы алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының «Балалы отба­сы­лар­ға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар тура­лы» Заңына байланысты он сегіз жасқа дейiнгі ба­лаларға тағайындалатын және төленетін ай са­йын­ғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Отба­сы­ның орта есеппен жан басына шаққандағы та­бы­сы азық-түлік себетінің құны­нан төмен бол­ған жағдайда, балаларға арнал­ған жәрдемақы алуға құқығы бар.
Осы Заңға сәйкес, балаларға арналған жәр­дем­ақы әр балаға бір айлық есептік көрсеткіш мөл­шерінде белгіленеді.
Жәрдемақылар тиісті қаржы жылына арнал­ған республикалық бюджет туралы заңда бекі­ті­ле­тін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ес­керіле отырып төленеді (2012 ж. – 1618 т).
Осыған орай, көтерілген сұрақтар жөнінде нақты жауап алу үшін сізге тұратын жеріңіз бо­йынша Жұмыспен қамтуды үй­лес­тіру және әлеу­мет­тік бағдарламалар бас­қармасына және Зей­нетақы төлеу жө­ніндегі мемлекеттік орта­лыққа баруы­ңызды сұ­раймыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста