Ауыздағы қышқыл дәм жүрек ұстамасынан хабар беруі мүмкін деп жазады РИА Новости.
Басылымның жазуынша, кекірмей және қыжылсыз асқазанның асты қорытпауы, жүрек айну немесе құсу да қауіпті жайттан хабардар етуі ықтимал. Сонымен бірге себепсіз тершеңдік пен ұйқысыздық және шаршауға да мән берген жөн. Мамандардың мәліметінше, бұл белгілер бірнеше күн бойы сақталуы немесе аяқ астынан пайда болуы мүмкін. Бұған бірден назар аударып, тез арада медициналық кеңеске жүгіну керек. Бұған дейін мамандар үрей мен мазасыздық да жүрек ұстамасының белгілері екенін хабарланған болатын. Олардың сөзінше, көп жағайда адамдар бұны үрейлі қорқынышпен шатастырып жатады. Өйткені олардың белгілері бір-біріне ұқсас. Үрейлі қорқыныш 5-20 минутқа созылады. Кейбір адамдарда екі сағатқа дейін болуы мүмкін. Егер жүрек қағысы жиілеп, бас айналаса, адам өзін жайсыз сезінесе, тоңып немесе ыстықтаса, денесі дірілдесе, кеуде тұсы немесе іші ауыраса дереу дәрігерге қаралу керек. Кейбірі кезде адам өз денесіне ие бола алмай қалады, ақыл-есін білмей де жатады екен. Айта кетсек, осыған дейін ғалымдар кейбір адамдардың жаурағыш болуының себебін анықтағанын жазған едік. Британиялық Ланкастер университетінің мамандары аяз болмаса да үнемі тоңып жүретін адамдардың денсаулығында кінәрат болуы мүмкін екенін анықтаған.