Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы экологиялық апат аймағына кіре ме? Егер кіретін болса, ол қандай заңда немесе құжатта көрсетілгенін айтып жіберсеңіздер екен.
Шалабай БЕКТЕМІРОВ, Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтар қатарына кіреді. Ол ҚР 1992 жылғы 30 маусымдағы «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңда көрсетілген. Осы Заңның 3,4,5-баптарына сәйкес, экологиялық апат аймағына Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының, Ақтөбе облысының Шалқар ауданының аумақтары кiредi. Ал экологиялық дағдарыс аймағына Қызылорда облысының барлық ауданы, Байқоңыр қаласы және облыс орталығының өзі жатады. Заңға сәйкес, Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар, Темiр аудандарының, Оңтүстiк Қазақстан облысының Арыс, Отырар, Созақ, Шардара аудандарының, Түркiстан қаласының және Қарағанды облысының Ұлытау ауданының аумақтары Арал теңізінің тартылуы салдарынан экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ саналады.
Ауылым экологиялық апат аймағына жата ма?
Последние статьи автора