Ауылдық мектеп есепшісіне 25 пайыз қосымша ақы төленуі тиіс пе?

Мен ауылдық мектепте есепші болып істеймін. Менің білгім келетіні, маған ауылдық жерде қызмет істеп жүргенім үшін 25 пайыз қосымша ақы төленуі тиіс пе?
Назым ЕЛТОҒАНОВА,
Қарағанды облысы
Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi ор­ган­дардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қыз­мет­шiлердiң жалақыларымен және став­ка­лармен салыстырғанда кемiнде 25 процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тариф­тiк ставкалар белгiленедi.
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс iс­тей­тiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қам­сыз­дан­ды­ру, бiлiм беру, мәдениет және спорт ма­ман­дары лауазымдарының тiзбесiн жер­гi­лiктi өкiлдi органмен келiсiм бойынша жер­гiлiктi атқарушы орган айқындайды.
Сондай-ақ бұл норма «Агроөнеркәсіптік ке­шенді және ауылдық аумақтарды да­мы­ту­ды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Рес­публикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңында көзделген.
Осыған орай, республикалық бюджеттен қар­жыландырылатын және ауылдық елді ме­кендерде орналасқан мемлекеттік ұйым­дарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау, бі­лім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мә­де­ниет және спорт мамандарына қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда ай­на­л­ы­са­тын мамандардың айлық ақыларымен жә­не тарифтік ставкаларымен салыстырғанда ке­мінде жиырма бес процент жоғары айлық ақылар мен тарифтік ставкалар бел­гі­ле­неді.
Сондықтан ауылдық елді мекендерде ор­наласқан аталған салалардың мемлекеттік ұйымдарында жұмыс істейтін басқа ма­мандары (соның ішінде есепші) лауа­зым­да­рына қатысты жоғарыда аталған жо­ғар­ла­тыл­ған айлық ақылар мен тарифтік ставкалар бел­гіленбейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста