Қазір батыс өңірінде аусыл ауруы шығып жатқаны белгілі. Аусыл ауруының белгілері қандай болады? Ол адамға жұға ма?
Жұмағали СЕНБАЕВ, Қарағанды облысы
Аусыл – антропозооноз, яғни адамға да, жануарға да тән өткір вирустық ауру. Инфекция жұқтырған мал не адамның ағзасы уланып, ауыз және мұрын қуысының кілегейлі қабығы мен қол-сирақ салаларын көпіршікті жара басады. Қазіргі заманда аусыл негізінен мал ауруына айналды. Оған ірі қарадан бастап, үйрек-тауық, тіпті үй тышқандарына дейін төзімсіз келеді. Аурудың жануар бойында дамуы 15 тәулікке дейін созылуы мүмкін, ал асқынған жағдайда мал үш тәулікке жетпей өледі. Аусыл қоздырғышы малға жақындаған кез келген адамның ағзасына ауысуы мүмкін. Үй жануарлары жұқпалы аурулардан аман болуы үшін оларға жылдың төрт мезгілінде алдын алу шараларын жасап, қора-жайларды таза ұстаған жөн. Ал ауру белгісі байқалған сәтте бірден мал дәрігерлеріне хабар беріліп, ауырған мал өнімін тұтынудан бас тарту керек. Қазіргі ветеринария аусылды алғашқы күннен-ақ вирусқа қарсы терапиямен емдейді. Химиялық залалсыздандыру жұмыстарынан кейін мал ағзасындағы жарақаттарды жазуға ультракүлгін сәулелер қолданылады. Егер мал індетінің адамға жұғу қаупі күшті болған жағдайда ауру ошағында карантин жарияланып, аусыл жұққан үй жануарлары түгел өртеледі.
Аусылдың белгілері қандай?
Последние статьи автора