Ауасы ең лас қалалар
Алматы қаласы қашанда болса көліктен шыққан көк түтінге оранып тұратынын білеміз. Бұған оның географиялық орны да себеп болып отыр. Оңтүстік астанамыз әлемдегі ауасы ең лас қалалардың қатарына кіре ме?
Гүлдана, Алматы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мамандары әлемдегі ауасы ең лас елді мекен ретінде Иранның Ахвас қаласын көрсетеді. Одан кейінгі кезекте Монғолия астанасы Ұлан-Батор танылды. Үшінші орынға тағы да Иран елінің Санандаж қаласы ілікті. Ауасы көк түтінге оранған қалалардың қатарында сондай-ақ үнділік Лудхиана мен пәкістандық Кветта көрінді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасаған ерекше лас қалалардың тізімінде Алматы қаласы жоқ. Жалпы, қала ауасының ластануы ең алдымен көліктердің сапасыз жанармай тұтынуынан екені анықталып отыр. Ал ауасы ең таза қалаларға Канаданың Уайтхорс пен АҚШ-тың Санта-Фе қалалары танылды. Сондай ақ ауаны ластау көрсеткіштері төменгі көрсеткіште тұрған қалалардың қатарына Вашингтон, Токио, Париж сынды мегаполистер де ілікті.