Әлемдегі ең қымбат, мемлекеттен орасан зор қаржыны талап ететін түрме қайсы және қай елде орналасқан?
Ержан КӨШІМБАЕВ, Алматы
Британская «Дейли мейл» газетінің хабарлауынша, Кубада орналасқан АҚШ-тың Гуантанамо әскери-теңіз базасына қарасты түрмесі әлемдегі ең қымбат түрме екен. Ресми деректер бойынша, Гуантанамодағы әрбір тұтқынға жылына шамамен 800 мың доллар қаржы жұмсалады, бұл дегеніңіз – АҚШ-тың колледжінің төрт жылдық оқуына төленетін қаржыдан әлденеше есе артық деген сөз. Яғни Гуантанамо түрмесіндегі әрбір тұтқынға АҚШ-тың басқа түрмелеріндегі тұтқынға кететін шығыннан 30 есе көп қаржы кетеді.
Гуантанамо түрмесіндегі бір тұтқынның күндік ас-суына кететін орташа шығын – 38,45 доллар, яғни бұл басқа түрмедегілерден бес есе көп.
Айта кету керек, Гуантанамо түрмесі 2002 жылы қаңтарда АҚШ-тың сол кездегі президенті Джордж Буштың өкімімен ашылған. Қазіргі кезде бұл түрмеде 171 тұтқын бар.
Атышулы Гуантанамо – әлемдегі ең қымбат түрме
Последние статьи автора