Ұлым жасы 18-ге толған соң куәлік алар кезде «атымды өзгертем» деп жүр. Атын өзгерту көп қиындық әкеле ме және бұл мұсылмандық қағидаларына қайшы емес пе?
Санат ҚАЗБЕКОВ, Семей қаласы
Қазақ халқы ат қоюды ерекше дәстүрге балаған. Азан шақырып қойған есім, «адам тағдырының кілті» деп ырымдаған. Осы орайда кейбіреулердің аттарын «жолымды ауыр қылды» деп ауыстырып жатқандары да бар көрінеді. Негізінен, адамдардың атын өзгертіп жатуы күнделікті тұрмыста кездеседі. Дерек көздеріне сүйенсек бір жылдың өзінде азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөліміне 400-ге жуық өтініш келіп түседі екен. Оның 60 пайызын кәмелетке толмаған жасөспірімдер құрайтын көрінеді. Алайда бұл шаруаның машақаты бастан асады. Есімін өзгерткеннен кейін сұраныс жасаған адамның туу туралы куәлігінен бастап, неке куәлігі, балаларының құжаттарына шейін өзгерту енгізу қажет. Мұсылмандық қағидалары бойынша дін өкілдері «есімін өзгерту әр адамның өз еркіндегі дүние» деп санайды.
Атымды өзгерткім келеді
Последние статьи автора