Мамандығым бойынша жұмыс істеп келе жатқаныма 15 жыл болды. Жылда біліктілік бойынша аттестациядан өтеміз. Бастықпен кейбір мәселелерде келіспегенім үшін, мені биылға аттестациядан өткізбеймін деп отыр. Бастықтың мені аттестациядан өткізбей қоюына құқығы бар ма? Заң бойынша қалай болуы тиіс?
Жұлдызай ӨСЕРБАЕВА, Оңтүстік Қазақстан облысы
Заңгер маманның айтуына қарағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, қызметкер бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмегендiктен, жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша қызметкермен еңбек шартын бұзу аттестациялық комиссияның шешiмiне негiзделуі керек, оның құрамына қызметкерлер өкiлi қатысуға тиiс.
Қызметкерлердi аттестаттау тәртiбi, талаптары мен кезеңдiлiгi ұжымдық шартта, ал ол жоқ болған жағдайда қызметкерлердiң өкiлдерiмен келiсiм бойынша шығарылған жұмыс берушiнiң актiсiнде айқындалады.
Дегенмен аттестациялық комиссияның қорытындыларымен келіспеген жағдайды, қызметкер ол туралы сотқа шағымдана алады.
Аттестациядан өткізу тәртібі қандай?
Последние статьи автора