Адвокаттық қызметпен айналысу үшін аттестациялық емтихан тапсыру қажет екенін білемін. Сол емтиханнан сүрінбей өтсем, оның нәтижесі қанша мерзімге дейін күшінде болады?
Рая Әбдірахманова, Астана қаласы
ҚР Әділет министрлігі мамандарының мәліметінше, ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының 8-2-бабына сәйкес, адвокаттық қызмет бойынша аттестациялау комиссиясының шешімі 6 жыл бойы өз күшінде болады. Аттестация мерзімін бекітетін норма ҚР «Адвокатура мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес енгізілді. Егер сынақ тапсырған адам аттестация нәтижесі шығарылған уақыттан алты жыл өтіп кеткеннен кейін бұл қызметпен айналысуға ниет білдірсе, аттестациялау комиссиясына қайтадан өтініш беруі қажет.
Аттестация нәтижесі қанша уақытқа дейін күшінде болады?
Последние статьи автора