Атлантида деген ел болған ба?
Көркем әдебиеттерден адамзат тарихында аңызға айналған немесе қиял-ғажайып елдер туралы мәліметтер кездестіремін. Шынымен, бұл аңыз елдер тарихта болған ба? Олардан қалған белгі бар ма?
Жанболат ЖИЕНӘЛИЕВ, Орал қаласы
Платонның «Тимей» және «Критий» деп аталатын екі диалогында айтылатын Атлантида елінің Атлант мұхитының астында қалғаны айтылады. Алайда ғылым бұл елдің аңыздан ақиқатқа жақындығын дәлелдей қойған жоқ. Артур король жерленген делінетін Авалон елі де аңыздан туған. Дегенмен ғылым аңыз елдердің алапат апаттар кезінде мұхитқа батып немесе жойылып кеткендігін де жоққа шығармайды. Аңыз елдер – Гиперборея, Лемурия, Пайтити, Пацифида, Эльдорадо, Шамбала, Шангрила сияқты ежелгі грек-рим мифтерінде кездесетін елдерден өзге, көркем әдебиетте де мифтік елдердің образы жасалды. Мысалы, ағайынды Стругацкийлердің көркем шығармаларындағы Арканар елі, Томмазо Кампанеллидің «Күн қаласы», Томас Мордың «Утопиясы», Джонатан Свифтің «Лапутасы», Клайв Стейплздің «Нарниясы», Майкл Муркоктың «Танелорны», Лев Кассильдің «Швамбраниясы» қиялдан туған мифтік мемлекеттер екені анық.