Тарихта «Барқы аталық», «Арыстан аталық» деген түсініктер бар. Сондағы «аталық» сөзі қандай ұғымды білдіреді?
Нұржан Ғазизұлы, Алматы облысы
Ғылыми энциклопедия дерегіне сүйенсек, «аталық» – хан ордасында тақ мұрагеріне әскери тәрбие беретін және оқытатын жоғары мәртебелі адам. Өзі тәрбиелеген ханзада билікке жеткен соң оның кеңесшісі қызметін атқарған. Ауызша деректерге қарағанда, аталық көбінесе нағашы жұртынан немесе ағайынынан таңдалған көрінеді. Аталықтың қызметі хан тағының мұрагеріне билік технологиясын және әскери өнерді үйретумен шектелген жоқ. Құрбанғали Халидидің мәліметіне қарағанда, оның билік құзыры қатардағы уәзірден жоғары болған. Тіпті оның жарлыққа хан құқығындай мөр қоюға да құзыры болды. Демек, аталық ханның аса ықпалды жақын кеңесшілерінің бірі болса керек. Өкінішке қарай, қазақ хандарына қатысты аталмыш тұлға жөнінде деректер жоқтың қасы.
«Аталық» түсінігінің мағынасы қандай?
Последние статьи автора