Естуімше, мемлекеттің негізгі заңы – Конституцияның да түрлері болады екен. Олар қандай және Қазақстанның Конституциясы қай түріне жатады?
Маржан АҚЫЛБЕК, Алматы
Құқықтанушы ғалымдар әлемдегі конституциялардың құрылымына, айырмашылықтарына қарап жазылған және жазылмаған деп бөледі. Жазылған конституцияның құрылымы кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Әлемдегі дамыған Германия, Жапония, Франция, Үндістан, Малайзия сияқты елдермен қатар, Қазақстанның басты заңын да осы «жазылған» деп аталатын түріне жатқызуға болады. Жазылмаған конституция қазіргі кезеңде Ұлыбритания мен Жаңа Зеландияда ғана қолданылады. Кейбір зерттеушілер АҚШ-тың негізгі заңын да қосып жүр. Конституцияның жазылмаған түрі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан заңдардың жиынтығынан тұрады деп түсіндіріледі.
Ата Заңымыз Конституция түрлерінің қайсына жатады?
Последние статьи автора