Ат жарыстарының ережесі қандай?

Биыл Ұлыстың ұлы күніне байланысты ат жарыстарынан бәйге ұйым­дастыруды қолға алған едім. Алайда ережелерін білмегендіктен, доданы ал­да­ғы уақыттың еншісіне қалдырдым. Менің білгім келгені, ат жарыстарының қа­рапайым да түсінікті ережесі бар ма?
Дидар Мұңалбай,
ШҚО
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақ­стан мемлекеттік университетінің доценті Қ.Әбішев пен Қазақтың туризм және спорт академиясының доценті Х.Үнтаев ат жарыстарының мынадай қарапайым ере­желерін былайша таныстырған еді:
Тай жарыс – 1,5 жасқа дейінгі 3-5-7 ша­қырым аралықтағы қашықтыққа ша­бы­лады. Тайдың үстінде салмақтары ауыр емес жас жеткіншектер ғана отыруы тиіс.
Құнан жарыс – екі жастағы жылқы төлі арасындағы 10-15 шақырымдық жарыс.
Тоқ бәйге жарысы – Бұған тай мен құ­наннан басқа барлық жастағы аттар қа­тыс­­тырыла береді. Бәйге 13-23 шақы­рым­ды құрауы керек.
Жорға жарыс – жорғаға түсетін аттарды сыннан өткізу арқылы анықтайды. Атты алдымен бір айналымға жібереді. Егер әлгі сында ат үш рет шауып кетсе, жарысқа жіберілмейді. Сондай-ақ жарыс кезінде жорға ат шауып кеткен сайын уақытына 10 секундтан қосылып оты­рады. Егер шабыстың саны үштен асса, жарыстан шығарылады. Жарысқа 16-60 жас аралығындағы адамдар қатыса ала­ды. Ал қашықтығы 2-4-6 шақырымды құрайды.
Аламан бәйге – аттың жасы үштен асуы керек. Жарыс ұзақтығы 25-31ша­қы­рым болады.
Ұлы аламан бәйге (Супер марафон) – жарыстың ұзақтығы 40, 60, 80, 120, 160 шақырымды құрап, бәйгеге түсушілер күні бойы жарысады. Бұл жарыстың ережесі Дүниежүзілік ат спорты ере­же­сінде бекітілген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста