Асыраушысынан айырылғандарға әлеуметтік көмек көрсетіле ме?

Маусым айында күйеуім қайтыс болып, үш баламен қалдым. Баламның үлкені 8 жаста. Маған үкімет тарапынан қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі?
Замира,
Алматы облысы

Бұл сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ма­ма­ны Г.Сейтпембетова жауап береді:
– ҚР «Қазақстан Республикасында мү­гедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жа­сына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеу­меттiк жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, асыраушысынан айы­рылу жағдайы бойынша жәрдемақылар алуға құқылысыз. Жәрдемақы осындай көмекке құқығы пайда болған күн­нен бастап тағайындалады және қа­жеттi құжаттар 12 ай мерзiм ішінде тап­сырылуы тиіс. Сонымен бірге асы­раушысынан айырылғандардың ҚР «Балалы отбасыларға берілетін мем­лекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы облыста белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дей­ін­гі балаларға арналған жәрдемақы алу­ға құқығы бар. Оған қоса, ҚР «Мем­лекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспаған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыста белгіленген отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің айырмасы түрінде есептелінеді. Жәрдемақы және көмек тағайындау үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша қалалық (аудандық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне құ­жат­тарыңызды тапсыруыңыз қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста