Жалғыз қызымыз тұрмысқа шығып кеткен соң, күйеуіміз екеуміз ақылдасып, бір ұл баланы асырап алуды шештік. Барлық құжаттарды рәсімдеп болған соң, баланы үйге алып келгенімізше арада біршама уақыт өтті. Өкінішке қарай, күйеуімнің қуанышы ұзаққа созылмады. Жүрек дертінің салдарынан өмірден ерте озды. Менің білгім келгені, асырап алған балаға асыраушысынан айырылуына байланысты қандай көмек беріледі?
Дина АҚАНОВА, Қарағанды облысы
Сарапшы маманның мәліметінше, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерiнің асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар (негіздеме: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы).
Бұл ретте қайтыс болған асыраушысының сегіз жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн... күтумен айналысатын және жұмыс iстемейтiн адам отбасының еңбекке жарамсыз мүшесі болып табылады.
Жоғарыдағы заңға сәйкес, 18 жастан асқан бiлiм алушы азаматтардың асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша күндiзгi оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi жүйеде, жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқу орнын бiтiргенге дейiн, бiрақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар жәрдемақыға құқығы пайда болған күннен бастап тағайындалады, бiрақ барлық қажеттi құжаттармен жәрдемақыға тағайындауға өтiнiш берiлген күнге дейiн әрi кеткенде 12 айдан аспайтын мерзiм үшiн.
Аталған жәрдемақыны тағайындау үшін арыз берушінің тұрғылықты мекенжайы бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық/қалалық бөлімшесіне қажетті құжаттарын арызбен қоса тапсыруы қажет.
Қажетті құжаттар тізімі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылға 25 тамыздағы № 819 Қаулысымен бекітілген.
Асыраушысынан айырылған балаға қандай көмек тиесілі?
Последние статьи автора