Елордамыз Астана үскірік аязы мен боранымен белгілі. Астана ең суық астаналар қатарына ене ме?
Айжангүл САРЫБЕКОВА, Алматы
Еуразия құрлығынан орын тепкен Ұлан-Батыр әлемдегі ең суық астана болып саналады. Моңғолия астанасында үскірік аязды күндері температура 40-50 градусқа дейін төмендеп кетеді. Ұлан-Батырдың жылдық орташа температурасы минус 1,3 градус цельсий. Астананың жылдық орташа температурасы + 3,2 градус, Мәскеудің жылдық орташа температурасы +5,4 градус цельсий. Климаты қатаң континенталдық, жазы құрғақ, қысы өте салқын Астана әлем бойынша Ұлан-Батырдан кейінгі ең суық астана болып саналады. Елордадағы жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 307 мм-ге жетеді. Сонымен әлемдегі суық астаналардың қатарына Рейкьявик (Исландия), Нуук (Гренландия), Хельсинки (Финляндия) және Оттава (Канада) жатады.
Астананың жылдық орташа температурасы + 3,2 градус
Последние статьи автора