Астана – қазақтың төл сөзі ме, әлде басқа тілден енген бе? «Астана» сөзі қандай мағына береді?
Айдар ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ, Астана қаласы
Еліміздің бас қаласы Астана Қазақстанның орталық бөлігінің Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. «Астана» сөзі қазақ тіліне парсы тілінен енген. Парсы тілінде бұл «киелі орын», «босаға» деген мағынаны білдіреді.
Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
1862 жылы Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 жылы қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы мамырдың 6-сы жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы шілденің 10-ында Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бүгінде 600 мыңнан астам тұрғын тұратын Астана қаласының аумағы 200 шаршы шақырымды алып жатыр.
Астана – киелі босаға
Последние статьи автора