Асқабақтың көптеген ауруға ем екенін естіп жатамыз. Денсаулыққа қандай пайдасы бар?
Ақнұр Дайырбекова, Алматы қаласы
Адам денсаулығына пайдалылығы жағынан бұл бақша өнімі өзге жеміс-жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге аса бай. Оның құрамында адам ағзасына қажетті С, В1, В2, В5, В6, Е, РР, ағзадағы зат алмасу процесін жеделдететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері, калий, кальций және темір бар. Құрамында дәрумендердің көптігінен болар, ол мың бір ауруға ем боларлық көкөніс деп есептеледі. Асқабақтың шипалық қасиеттеріне тоқталсақ, жүрек әлсіздігінен жүдегендерге ем ретінде қолданылатын асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» дәрігерлер отқа немесе суға күйген науқастарға жарасын таңуға кеңес береді. Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге, артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем. Ол ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Тіпті мұны ішек құртын түсіруде де пайдаланатын көрінеді.
Асқабақ мың бір ауруға шипа
Последние статьи автора