Әскерилердің жалақысы қанша?
Әрбір мемлекеттің армиясы күшті болуы үшін ондағы әскери мамандардың беделі мен айлық жалақысы күшті болуы тиіс. Осы ретте Қазақстандағы әскери мамандардың жалақысы қанша екен?
Мұқан СҮЛЕЙМЕНОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы
Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Мұсағұловтың айтуынша, мәселен, әскери училищені бітіріп келген взвод командирі 80 мың жалақы алады екен. Ал «контраникттердің» (шарт бойынша қызмет жасайтындардың) айлық жалақысы лауазымына қарай көтеріліп отыратын көрінеді. Олардың айлығы шамамен лауазымына қарай 50-60 мың теңгенің айналасында. «Бізде генералитеттердің қанша алатындағы құпия. Сонымен қатар әскери адамдардың қай-қайсысы болсын, кезекті еңбек демалысына шығарда айлықтары жүріп тұрады. Олардың медициналық тексеруден өтуіне жылына екі рет арнайы қаржы бөлінеді», – дейді Қ.Қайырбайұлы.
Осы ретте біз Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына кіріп, мынадай қызықты мәліметтерді көрдік. Мысалы, Қорғаныс министрлігінің басшылары, генерал-майор шені барлар, кемінде 20 жылдан аса еңбек сіңіргендер – 290 604 теңге айлық алады екен. Ал өңірлік әскер қолбасшылары – 286 267 теңге, әскер қолбасшысы – 282 474 теңге. Бригада командирлері, мәселен, полковник шені барлар, кемінде 20 жылдан аса әскери қызметте еңбек еткендер – 185 542 теңге. Дивизия мен батальон командирлері, майор лауазымы барлар – 128 057 теңге, батарея мен рота командирлері 108 713 теңге айлық алады.