Грек-рим күресiнен Азия ойындарының чемпионы Әсет Иманбаев үлкен спорттан қол үздi деп естiдiм. Шынымен-ақ ендi ол боз кiлемде белдеспей ме?
Дәулет ӘБСАДЫҚ, Семей қаласы
Мұның анық-қанығын Әсеттi жастайынан баптаған Рысбек Нұрғазин бiлер деп, астаналық балуанның жеке жаттықтырушысымен хабарласқан едiк:
– Әсет шынымен-ақ үлкен спорттан қол үздi. Бейжiң Олимпиадасынан кейiн боз кiлеммен қоштасуға бел буды. Мәселен, соңғы екi жылда Әсет жалғыз өзi жаттықты. Астанадағы Олимпиадалық даярлау орталығының тiзiмiнде болғанымен, барлық турнирлерге өз бетiнше жаттығып, барып жүрдi. Нақты бiр бапкерден тәлiм алмағанан соң, боз кiлемде айтарлықтай нәтиже көрсете алмады. Әртүрлi себептерге байланысты екеумiздiң жолымыз екi айырылған. Мақтанғаным емес, менiң қол астымда жүргенде бiршама жетiстiктерге қол жеткiзген. Қазiр өзiнiң мамандығы бойынша Астанадағы жоғары оқу орындарының бiрiнде дәрiс берiп жүр, – дедi қынжылып.
Әсет боз кiлемнен қол үздi
Последние статьи автора