Асату және басқа да асқа байланысты салт-дәстүлер

 

Ас – аты әйгілі адамдарға, мысалы, батыр, би, болыс, байларға, белгілі өнер иелерінің қайтыс болғанына бір жыл толғанда оның аруағына бағыштап берілетін ас әрі той. Мұнда жүздеген мал сойылып, мыңдаған шелек қымыз құйылады. Ат жарыс, палуандар күресі болады. Ат шаптырым жерден құрметті кісілер шақырылады.

Асату. Табақтағы ет тамақ желініп болғаннан кейін, ондағы қалған етті қарттар жас балаларға асатады. Балалар ет асаймыз деп күтіп тұрады.

Абысын асы. Ауылдағы қариялар мен ер азаматтар асқа, тойға кеткенде, ауылдың жас келіндері бір үйге жиналып бас қосады. Ет асып, шай ішіп сырласады, бой көтереді. Бұған үлкендер рұқсат береді, оларға тамағын тағы басқа қажетін беріп кетеді.

Ақсарбас. Түрлі қауіп-қатерге ұшырағанда әр қазақ баласы: «Ақсарбас! Ақсарбас!» - деп үш рет айқайлап, Алладан: «Жанымды аман қалдыра көр!» - деп, тілек тілейді. Аман қалғандар құдайыға мал шалады. Ақсарбастың үш түрі бар: егер көкқасқа десе – жылқы, қызылқасқа десе – сиыр, бозқасқа десе – қой сояды.

Ақ алып шығу. Салт бойынша, егер тұсынан көш өтетін болса, ауыл адамдары олардың алдынан тағам, ақтан жасалған сусындар ұсынып, «Көш көлікті болсын!» - деп тілек айтады.

Ақ құйып шығару – қазақтардың жыланды қууы. Егер үйге жылан кіріп кетсе, оның басына ақ құйып шығарған соң ғана өлтіреді.

Ауыз тию – бір үйге дәм үстіне келген адамға дәмнен ауыз тигізу. Бұл – ежелден қалыптасқан салт.

Ауызашар – көрші-қолаң немесе көңіл жақын адамдардың ораза ұстаған кісілерді кешкілік тамаққа шақырып, батасын алуы.

Бастаңғы. Әке-шешелері жол жүріп кеткенде, көрші жастар келіп, ол үйдің дастарқанына бастаңғы жасатып, тағам дайындатады. Бұл – жолаушылардың басы ауырмасын, сырқамасын деген жақсы ойдан шыққан дәстүр.

Белкөтерер – қарт кісілерге, ауру адамдарға жақын туыстарының дәмді тағамдарды әдейі дайындап апарып, тілектестік білдіруі.

Бүйрек – соғым сойған үйдің туыстарының балаларына бүйрек қосылған сыбаға жіберуі. Бұл – сыйластықтың, баланы тәрбиелеудің, көңіл бөлудің бір жолы.

Бармағын жалау. Сыйлы кісілер қонаққа шақырылса, олармен шақырылмаса да жасы кіші адамдар ере барады. Мұны ел іші: «Үлкен кісінің бармағын жалауға келді», - дейді. Бұл дәстүрдің ешқандай ерсілігі жоқ, керісінше, үй иесі жастарға риза болып қарсы алады.

Деңгене. Ертеде 3-4 жігіт бірігіп, дәулетті үйге келіп: «Деңгенеге келдік», - дейді. Мұның мәнісі: жас етке бір тою әрі ойын, бәс тігу. Оның шарты мынадай: үй иесі әлгілерге бір семіз қойын сояды. Келген жігіттер оны түк қалдырмай жеп, сорпасына дейін түгел ішіп кетуі керек. Олар жеп тауысса, үй иесі батасын беріп, аттандырады. Егер етті тауыса алмаса, деңгенеге келген жігіттер ұтылғаны үшін әрқайсысы бір қойдан беріп кетеді.

Жолаяқ – келген қонақты жолға шығарып салып тұрып, оларға жол болсын айтып, дәм-тұз ұсыну.

Ерулік. Ауылға басқа жақтан отбасы көшіп келіп, іргелес қоныстанатын болса, ауылдағылар жаңа көршіні ерулікке шақырып, қонақасы береді.

Ет қайтар – соғымның соңғы етін асып шақыратын ежелгі дәстүр. Қап қағар деп те атайды.

Көген той. Алғашқы бие байлау, қозы көгендеу сәттерінде мал иелері желі басына барып, желіге, көгенге, төл басына ақ құйып, «Мал басы өссін!» - деп бата тілеп, ырым жасайды. Артынан ақ дастарқан жайып, шай ішеді.

Күзем шай. Әрбір істің басталуы мен сәтті аяқталуын қазақ атаусыз қалдырмайды. Мысалы, күзем алынып біткен соң, әр үй бір-бірін осындай шайға шақырып, дәм татырады.

Кеусен. Диқан қауымы күзгі егінін жинап алғаннан кейін, өзінің жақын адамдарына, туған-туыстарына алған егінінен үлес береді. Мұның аты – кеусен.

Келі түбі. Тарысын түюге көмектескен адамдарға үй иесі аз да болса сөк береді. Бұл келі түбі деп аталады.

Қазан жарыс. Әйел толғатып жатқанда оның жақын абысындары қазанға тамақ салады да: «Қара қатын бұрын босана ма, әлде қара қазан бұрын пісе ме?» - деп «жарысады». Бұл – ертеден келе жатқан ырым.

Қол кесер – соғым союшыларға еттен берілетін сыбаға. Соғым союшылар еңбегіне ақы сұрамайды, бірақ үй иесі құр қол жібермей, қол кесер береді.

Қалжа. Жас босанған әйелге тез көтеріліп кетсін деген ниетпен дәмді, қуатты тағамдар апарады. Қалжа көбінесе жас еттен, дәмді тағамдардан әзірленеді. Қалжа беру – міндет.

Қазан шегелеу. Жастар жағы өздерінің жақсы білетін үлкендерінің үйіне еркелеп барып: «Қазан шегелеуге келдік», - дейді. Үй иелері тамақ асып, оларды қонақ етеді.

Қымызмұрындық. Көктемде бие байланып, қымыз ашығанда ауыл үлкендері қымызмұрындыққа шақырылып, алғашқы қымыздан ауыз тиеді. Үлкендер батасын беріп, риза болып аттанады.

Сауын. Бұрын халық ас пен тойға «сауын» айтқан. Мұндай ұлы бас қосуға шақырылған ел сабамен қымыз әкелген. Ол, әрине, келген кісілерге беріледі.

Сойыс. Үлкен асқа, тойға шақырылған ауқатты адамдар сол жерге союға жылқы, қой айдап апарады. Мұны сойыс дейді.

Қой басты. Киіз, текемет басқанда қыз-келіншектер бір үйдің тұсына келіп: «Үйіңді қой басты», - деп айғайлайды. Үйдегілер оған сусын, дәмді тағамдар дайындайды.

Қонақасы. Әр қазақ отбасы үйге келген кісіге кәделі тағамдардан қонақасы береді. Бұл – қазақ қонақжайлығын танытатын үлкен дәстүр.

Құйрық-бауыр – құдаларға ұсынылатын құйрық пен бауырдан жасалатын тағам. Бұл – құдалық рәсімнің бекігендігін дәлелдейтін құжат есебінде жүретін салт.

Сыбаға. Дастарқан жайғанда, яғни тағам ұсынғанда, әр адамның жасына, жынысына қарай өзіне лайық сыбағасы болады. Мысалы, құрметті кісілерге бас, жамбас, күйеуге төс, балаға бүйрек пен құлақ ұсынған. Мұның да өзіндік орны мен маңызы бар. Егер лайық мүше ұсынылмаса, ол кісілердің өкпелеуге хақысы бар, айып та сұрай алады.

Өлі сыбаға – көбінесе балықшы ауылдарда болатын дәстүр. Балықшы кәсіпті бірге атқарып жүрген азамат қайтыс болса, оның отбасына ауланған балықтан тең сыбаға бөлінеді.

Ораза (ораза ұстау) – мұсылманның бес парызының бірі, яғни рамазан айында күндіз тамақтан тыйылу.

Соғымбасы. Соғым сойған күні отбасы алдымен соғымбасына ауыл ақсақалдарын шақырып, қонақасы береді.

Сіргемөлдіретер. Бие ағытылардағы соңғы қымыз, әдеттегідей, ауыл үлкендеріне беріледі. Мұны сіргемөлдіретер, кей жерлерде сіргежияр деп атайды.

Сарқыт. Қонаққа шақырылғанда үлкен әжелер, келіні мен немерелеріне ет, кәмпит алады. Оны балаларына бөліп береді.

Нәзір. Үлкен іс бастағанда, үй салғанда тағы басқа игілікті іс алдында адамдар ауылдағы үлкен кісілерді нәзір дәстүрі бойынша әдейі шақырып, ас беріп, батасын алады.

Ұйқыашар. Аста, тойда, мерекеде қыз-келіншектер жігіттер ұйықтап қалмасын деп арнайы ас – ұйқыашарды дайындап ұсынады.

Тоқымқағар. Жас жігіт алғашқы сапарға шыққанда оның ата-анасы тоқымқағар жасап, ауылдарына кең дастарқан жаяды.

Тоғыз. Бау-бақша өсіріп, мол өнім алғандар ағайын-туғандарына немесе көрші- қолаңға қауын-қарбыздан сый-сыяпат апарады. Ол бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз болуы мүмкін. Әрқайсысы тоғыздан болатындықтан, тоғыз деп аталған.

Тышқаншық салу. Жас баласы ауырып, төсектен тұрған кезде әке-шешесі немесе ата-әжесі оны жақын ағайын, нағашыларының үйіне ырым етіп алып келеді. Келген үй ол балаға әдейі арнап мал сояды немесе басқа тамақ істеп, «Жаман ауруды жақсы ас кетіреді», - деп ырымдап, тілек айтып, жегізеді. Мұндай ырымды тышқаншық салу дейді.

Тулақ шашу. Қазақ әйелдері жүн сабар алдында: «Ісіміз сәтті болсын!» - деп, тулақ шашу жасайды, яғни тамақ дайындап, шай ішетін жақсы салт бар.

Шашу. Қуаныш, той, мереке күндері құрт, ірімшік, ежігей, кәмпит сияқты тағамдардан және тиындардан шашу шашылады. Ол дәмдерді жұрт жинап алып, ырым қылып, балаларына үлестіреді.

Шүлен ас. Бұрынғы кезде ауқатты байлар мен белгілі адамдар кедей-кепшіктерді әдейі шақырып, мал сойып, тойғызған. Мұны шүлен ас деп атаған.

Шашыратқы. Күзде қойға қошқар қосқанда мал иелері ауылдастарына қонақасы берген. Шашыратқы дәстүріне қатынасқан адамдар: «Төл көп болсын! Малың аман болсын!» - деп, батасын берген.

Шек беру. Құрбан айты алдында мұсылмандар ата-баба, жақын туыстарына арнап мал сойып, қарт адамдарды шақырып, тамақ беріп, дұға оқытады. Мұны шек беру дейді.

Шай құяр. Құдалық дәстүрде құдаларға бір әйел әдейі шай құйып беріп, шай құяр кәдесін алады.

 bilim-all.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста