Қазiргi кезде үйдiң ауасын тазарту үшiн әртүрлi, қош иiстi ароматизаторлар қолданылып жүр. Оның сәби денсаулығына зияны жоқ па?
Әсемгүл СЕНБИНА, Шымкент қаласы
Ароматизаторлар сатумен айналысатын мекемелер мамандарының мәлiметiне қарасақ, аталмыш ароматизаторлар бөлме ауасын тазарту үшiн емес, бөлмедегi жағымсыз иiстердi жою үшiн қолданылатын көрiнедi. Ал егер бөлме ауасын тазартқыңыз келсе, таңертең, кешкi уақытта бiр мезгiл бөлме терезесiн ашып, ауа ауыстырғаныңыз абзал. Ароматизаторды адамға бағыттап шашуға болмайды. Ал бөлмеде жас балалар немесе сәби болған жағдайда, бөлме iшiне ароматизаторды шашпағаныңыз дұрыс. Себебi жас балалар мен сәбидiң денсаулығына керi әсерiн тигiзуi, аллергияға әкелiп соқтыруы мүмкiн.
Ароматизатор қолдансаңыз, балаңызға абай болыңыз
Последние статьи автора