Әр жұлдыз белгісі төсек қатынасында өзін қалай ұстайды?

Біз өзіміз және бізді қоршаған адамдар жайлы көбірек білу үшін жұлдыз-жормалға жиі көз жүгіртеміз. Бүгінгі күн астрологиядағы ең танымал саланың бірі – сексуалды жұлдыз-жорамал. Ол өзіңізді жаңа қырыңыздан, ал серігіңізді жақын тануға мүмкіндік береді.

Тоқты

Тоқтылар – өте тартымды жандар. Олар бәрін бақылауда ұстайды әрі керемет сүйіседі.

Тоқты жұлдыз белгісінде туған адамдар – шыдамсыз, көбіне өзімшіл. Соның салдарынан араларыңыздағы қарым-қатынаста жиі кикілжің орын алады. Алайда Тоқтының көңілінен шығып, жүрегін жаулай алсаңыз, төсек қатынасының ерекше ләззат сыйлайтынын білгейсіз.

Тоқтының жүрегіне жол табу үшін ұятты ұмытқаныңыз абзал. Оған қоса оларға серігінің ақылды болғанының маңызы зор. Сол себепті пайымдау қабілетін, ой жүйріктігіңізді жасыруға тырыспаңыз. Жыныстық қатынас барысында айтылған қошемет сөздері оларға ерекше ләззат сыйлайды.

Торпақ

Бұл адамдар – күшті сексуалды күш-қуатқа ие. Ең жақсы көңілдестің кім екенін білесіз бе? Әриен, Торпақ. Олар жыныстық қатынасқа тойымсыз, әрі тән қатынасын өзгелерден артығырақ қажетсінеді. Торпақтар құмар шөлін қандыруда асығыстық танытқанды ұнатпайды. Мұндай жандар төсек қатынасын дәмді тағаммен салыстырады. Бал дәмінің рахатына бату үшін уақыт керек. Оған қоса Торпақтардың дауысы кез-келген жанынды елітетінін айта кеткеніміз жөн.

Торпақтың көңілін табу үшін сыйлықты аямаңыз. Олар сырт-келбетке, нәзік теріге, жағымды иіске ерекше мән береді.

Егіздер

Егер ақылды әрі тартымды көңілдес іздесеңіз, Егіздерге көз қырын салғаныңыз жөн. Олар, өз кезегінде, серігін ақылы мен тапқырлығы үшін бағалайды. Егіздер кез-келген адаммен жеңіл тіл табысып, ұнатқан жанын бір жанасқаннан-ақ баурап алады.

Сонымен қатар Егіздер шығармашылық қабілетімен ерекшеленеді. Олардың жанында еш уақытта зерікпейсіз. Бұл ретте аталған жұлдыз белгісі өкілдерінің жаныңызда зерікпеуіне барды салғайсыз. Керісінше жағдайда олардың көңілі суып, жырақтай бастайды.

Егіздер жағымпаздықты ұнатпайды. Әрдайым оларға қошемет сөздерін айтып, қолдау білдіріп, кеңес сұрауға арланбаңыз.

Шаян

Барлық жұлдыз белгісі ішіндегі ең сезімтал және эмоцияға берілгіші – шаяндар. Мұндай жандар нәзік жанасу, терең түсіністік пен серігінің қамқорлығына мұқтаж. Тамаша көңілдес бола алатын шаяндардың көңіл қалдырмауға тырысқаныңыз абзал. Жанын жарадасаңыз, кек алмай тыншымайтынын ұмытпағайсыз.

Шаянды баурап алу үшін махаббатыңызға, ерекше ілтипатыңызға тәнті етіңіз. Олар өздеріне қамқорлық көрсетіп, қорғағанды ұнатады.

Арыстан

Арыстандар өздерінің жалынды махаббат үшін жаралғанына сенімді. Оған қоса төсек қатынасында ешкім олардан артық ләззат сыйлай алмайды деп біледі және онымен мақтанады да.

Аталған жұлдыз белгісі өкілдерін жаныңызда ұстап қалу оңайға соқпайды. Себебі үнемі тек бір адаммен ғана жыныстық қатынасқа түсу арыстандары жалықтырады. Ал төсек қатынасында ұзақ аймаласудан гөрі бірден құмарын басуды жөн көреді.

Бикеш

Бикештер – сексуалды қиялы бай тамаша көңілдестер. Сырт көзге салқынқанды, тақуа болып көрінгенімен, бұл жұлдыз белгісі өкілдері серігіне төсекте ләззат сыйлау үшін барын салуға даяр.

Десе де Бикештерді тән жақындығында басқару оңай. Олар басымдылық танытып, серігінің де қалағанын іске асыруға жағдай жасайды. Жыныстық қатынаста бірде жұмсақ та енжар болса, бірде оттай лаулайды.

Таразы

Олар эстетика мен сұлулықты аса бағалайды. Тән жақындығында интимді орта мен серігінің сырт келбетіне ерекше мән береді. Олар үшін төсектегі әрекеттен бұрын, қалаулысының әсем сымбаты мен жағымды иісі маңыздырақ.

Таразылардың сексуалды қиялы бай болмағанымен, серігінің қалауының барлығын құптап, жүзеге асырудан бас тартпайды. Олардың бойындағы ұяңдығы себепті серігінің жақындық барысында батылдық танытқаны жөн.

Сарышаян

Сарышаян – ең сексуалды жұлдыз белгісі. Бірқатар адам оларды әлемдегі ең жақсы көңілдес ретінде біледі. Алайда сарышаяндардың серігін басқарып, алақанында ұстауға тырысуын бойындағы үлкен кемшілігі деуге болады.

Сарышаяндар – өте тартымды жандар. Олар табиғатынан-ақ қарсы жыныс өкілдерін елітіп, баурап алуға бейім. Сол себепті мұндай адамдардың назарын өзіңе аударып, жүрегін жаулау оңайға соқпайды.

Мерген

Мергендер – жеңілтек және шығармашылыққа бейім тұлғалар. Жасы ұлғайып, есейсе де, олар дәйім бала болып қала береді. Олар төсектегі тәжірибенің барлығын құптайды. Алайда тұрақсыз. Бүгін оттай лаулап, ынтығып, ертесінде-ақ көңілі суыса, таңданудың қажеті жоқ.

Мергендермен қарым-қатынас тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Сондықтан тек көңіл көтеруді ойға алсаңыз, Мергендер ең тамаша көңілдес боларын білгейсіз.

Мергендерді баурап алу үшін басты назарды оның қозу аймақтарына аударғаныңыз жөн. Сонымен қатар олар әзіл-қалжыңды ұнататын жеңілтек адамдарды бағалайды.

Тауешкі

Тауешкілер өзгеге жүрегіне жол аша бермейді. Жыныстық қатынаста олар толықтай сенетін адамға ғана сенім артады. Төсекте түрлі тәжірибелерге жол бермейді. Сондықтан оларды илануға тұрарлық адал серік деп біліңіз.

Тауешкілердің назарын өзіңізге аудару үшін асығыстық танытпаңыз. Жыныстық ләззатқа жылдам жетуден бұрын, серігіңізді аймалап, құмарын қоздырыңыз. Шыдамды бола білсеңіз жыныстық қатынастан ұмытылмас ләззат аласыз.

Суқұйғыш

Егер Суқұйғыштардың құмарлығы оянса, ол бірден әрекетке көшеді. Ол тіпті серігімен таныстығының ұзақтығына да мән бермейді. Бәрінен бұрын, оларды құштарлық пен серігінің жұмбақтығы ынтықтыра түседі.

Олар ерекше әсерге бөленгісі келетін жандар үшін тамаша көңілдес бола алады. Алайда суқұйғыштарды қойныңызға алу үшін біраз күш салуыңызға тура келеді.

Балықтар

Нәзік, сезімтал әрі жан-дүниесі жұмбаққа толы жандар. Олар серігіне қамқорлық танытуды ұнатады. Балықтар үшін төсек қатынасында өзінен гөрі сүйіктісіне ләззат сыйлау маңызды. Бұл ретте олар ішкі түйсігіне құлақ асады.

Балықтар жыныстық қатынас уақытында дөрекі әрекеттерді суқаны сүймейді. Мұндай жандар үшін ұзақ аймаласу мен романтиканың – маңызы зор.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста