Мен жақында Германияға қыдырып барғанда неміс халқы өздерін «дойче» деп атайтынын білдім. Біздің ұлтымызды сыртқы жұрт қазақ деп атап, ал өзімізді алаш деп атағанымызды білеміз. Сол сияқты әр халықтың төл атаулары туралы білгім келеді.
Жексенбек ЖАРМҰХАМБЕТ, оқушы
Рас, ғылымда сыртқы елдің халыққа таңған атау үрдісін – экзоним, ал ұлттың өзін-өзі атауын эндоним немесе автоэтноним дейді. Халықаралық тәжірибеде экзоним негізінде атау үрдісі қалыптасып кеткен. Ал халықтың өз атауын көпшілік біле бермейді. Мәселен, шешендердің өз атауы – нохчи, нохчо, ал шешен-ингүштер өздерін вайнах деп атайды. Сол сияқты ауғандар өздерін – пұштындар, якуттар – сахалар, армяндар хайас, албандар – шкиптар, баскілер – эускалдунак, венгрлер – мажарлар, гректер – эллиндер, грузиндер – гүржілер, ирландықтар – айриштер, қытайлықтар – ханзу, кәрістер: солтүстік кәрістер – чосон сарам, оңтүстік кәрістер – хангук сарам, осетиндер – ирон және дигорон, финдер – суомалайсет, чукчалар – луораветлан, жапондықтар ниппондзин деп төл атаумен атайды.