Ақылды және ұзақ өмір сүретін адамдардың қай айда дүниеге келетіні анықталды

Ғалымдар астрологияға және адамның туған күні мен айы оның тағдырына ықпал етеді дегенге үзілді-кесілді қарсы. Дегенмен, қыста туғандар ұзақ өмір сүреді, күзде өмірге келген балалар мектепте жақсы оқиды, ал жазда дүние келгендер спортта үлкен жетістіктерге жетіп жүр.

Бірқатар зерттеудің қорытындысы бойынша осындай шешімге келуге болады. Мәселен, адамның туған айы оның өмір сүру ұзақтығына ықпал етуі мүмкін. Күз бен қыста өмірге келгендер өзгелерден ұзағырақ өмір сүреді. Чикаго университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесі осыны көрсеткен. Олар Чикагода 1880 мен 1895 жылдар аралығында туған 1500 адамның мәліметтеріне талдау жасапты.

Бремен университетінің профессоры Александр Лерчлдың зерттеуіне сенсек, қазан мен желтоқсан аралығында туған немістер мамыр мен маусым аралығында дүниеге келгендерден орташа алғанда ұзағырақ өмір сүреді. Әлемнің әр жеріндегі адамдардың өмір сұру ұзақтығын салыстырған Калифорния университетінің зерттеушілері де осындай қорытындыға келген. Белгілі болғандай, австриялық және даниялық қариялар көбінесе қыркүйек пен желтоқсан аралығында, ал Австралияда көп жасаған адамдар наурыз бен маусым аралығында туады екен.

Ғалымдар қандай тамақтың бала көтеруге кедергі болатынын анықтады>>

Бәлкім, мұны жүктілік кезіндегі әйелдің тамақтануымен түсіндіруге болатын шығар. Күз бен қыста туатын әйелдердің жүктілігі жеміс-жидек пен көкөніс көп жылы кезге дөп келеді. Нәтижесінде баланың бойында дұрыс тамақтану дағдысы қалыптасады.

АҚШ-тың экономикалық зерттеулер ұлттық бюросының мәліметтеріне сүйенсек, ең ақылды және ыждаһатты балалар қыркүйекте дүниеге келеді. Зерттеушілер 6-15 жас аралығындағы бір миллионнан астам оқушының оқу үлгеріміне талдау жүргізген. Тамыз айында туған балалардың үлгерімі ең нашар екені анықталды. Ал қыркүйек айында туғандар мектепте жақсы баға алып қана қоймай, беделді колледждер мен университеттерге оқуға түседі екен.

Сарымсақтың ешкім күтпеген пайдасы анықталды>>

Данышпандық пен туған күннің арасындағы байланысты зерттегендер көп болды, бірақ ғалымдар нақты шешімге келе алған жоқ. Кейбіреулер ғалымдардың туған жылы мен оларға Нобель сыйлығының берілуін өзара байланыстырып көрді. Ал енді біреулері интеллект деңгейін адамның туған уақытымен байланыстыруға үзілді-кесілді қарсы.

Sputnik

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста