Мен өзім корей тілін меңгергім келеді. Осы ретте Ақтауда корей тілін үйрететін мектеп ашылғандығы жөнінде естіп едім. Бұл қаншалықты рас?
Мәдина, Ақтау қаласы
Иә, Ақтауда корей тілін үйрететін жексенбілік мектеп ашылғаны рас. Мектептің мақсаты – тек жергілікті корейлерге ғана емес, сонымен қатар бұл халықтың тілі мен ұлттық-мәдени өмірінен хабардар болғысы келетін кез келген талап білдірушіге осы тілді үйрету болып табылады. Онда Игорь Ли, Александр Ким, Николай Ким мырзалар дәріс береді. Бұл мұғалімдердің бәрі Оңтүстік Кореяға барып, тілді жетік меңгеру курсынан өтіп келген екен. Қазір Ақтаудағы корей тілі курсына қатысуға тілек білдірушілер біртіндеп көбейіп келе жатыр. Олар тек қазақтардан ғана құралмайды, қатарларында сондай-ақ қазақ, орыс ұлтының өкілдері де бар.
Ақтауда корей тілін үйрететін мектеп ашылғаны рас па?
Последние статьи автора