АҚШ-тың ең қауіпті қаласы – Чикаго
Әлемнің қауіпті қалаларын анықтап отыратын мемлекеттер бар ма?
Кененбай, Тараз қаласы
Әрине, өзінің қауіпті қалалары жайлы мәлімет беретін елдер аз. Десе де, ғаламның назарын өзіне аудартып отырған АҚШ жыл сайын мемлекеттегі қатерлі қалалар жайлы ақпарат таратып отырады. Бұл іспен АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы айналысады. Олардың биылғы зерттеулерінің қорытындысына сүйенсек, АҚШ-та ең көп қылмыс жасалатын қала Чикаго екен. 3 миллионға жуық тұрғыны бар бұл қалада бір жылда қылмыс салдарынан шамамен 515 (2012 жылдың көрсеткіші бойынша) адам өлімі тіркеледі екен. Әр демалыс күндері сайын кемі 6-8 адам өлімі болатын көрінеді. Чикагодан кейінгі қауіпті қалалардың қатарында Нью-Йорк, Детройт, содан соң Филадельфия мен Лос-Анджелес тұр.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу