АҚШ-қа виза алу жеңілдейді
АҚШ-қа виза алу үшін елшілікке барып, консулдық жинақ төлеу қажет. Америка елшілігі осыған қатысты жаңа ереже қабылдады деп естідім. Сол рас па?
Бақыт Еженов, Атырау
Шынында да, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі иммиграциялық емес визаны рәсімдеуге арналған консулдық жинақ төлемінің процедурасын оңайлатты. Елшілік таратқан баспасөз хабарламасында 20-шы қазаннан бастап иммиграциялық емес виза алу үшін құжат тапсырған қазақстандықтар консулдық жинақ төлемін АТФ банктің Қазақстандағы кез келген бөлімшесінде төлей алады. Бұл бұрынғыдай тек елшілікке барып төлеу қиындығынан құтқарады.
Енді Қазақстан азаматтары үшін АҚШ-қа виза алу жеңілдей түседі. Мысалы, консулдық визаны алғандар оны қайтадан жаңартқысы келсе, Алматы немесе Астанадағы АҚШ елшілігіне арнайы келуі қажет емес. Сондай-ақ виза алушыларға консулдық жинақты ұлттық валютамен төлеуге мүмкіндік береді.