Ақпан айына қатысты қызықты болжам

Астролог Ирина Әбдірайымова ақпан айына қатысты қызықты болжам жасады.
Жұлдызшының айтуынша, жұма – 4 ақпаннан бастап кейбір адамдарда мазасыздық, күйгелектік байқалады екен. Бұл Меркурий мен Плутонның бір сызықта түйісуі әсерінен болатын құбылыс көрінеді.

«Стихиялық митингтер мен радикалды әрекеттерге үндеу байқалады. Халық шындықты, әділ тергеу мен кінәлілерді жазалауды талап етеді. Бұл жағдай ақпанның ортасына дейін өте белсенді болады.

Саясатта дау-жанжал, бір-бірін әшкерелеу күтілуде. Ұжым арасына іріткі салатындар кездеседі. Маңызды құжаттармен жұмыс істегенде мұқият болған жөн. Жалпы, бұл кезеңде жағымсыз жаңалықтар естуіміз мүмкін, – дейді астролог.

Оның айтуынша, мұның бәрі, әсіресе, айдың 14-і мен 16-сы күндері Тауешкі, Тоқты, Шаяндар мен Таразыларға психологиялық түрде ауыр әсер етеді екен. Алайда Бикеш, Торпақ, Сарышаян, Балықтар үшін ықпалды адамдармен байланыс орнату, жаңа таныстар табу мүмкіндігі туады.

Маман айдың басы ота жасатуға жайсыз кезең екенін ескертіпті. Сонымен қатар, бұл күндері техника бұзылып, байланыс ажырауы мүмкін, жол апаты жиілейді деген болжам бар. Сондықтан сақ болу керегін айтады. Бұдан бөлек, шындықты дәлелдеуге деген ұмтылыс дау-жанжалмен аяқталуы мүмкін.

Айдың екінші жартысында Марс және Плутонмен қосылған Венераның энергиясы күшейеді. Бұл қызбалық, ашушаңдық, сезімталдық, жете көңіл бөлмеу, қызғаныш, өкпе-реніш алып келеді.

Венера ақшаға жауап береді. Сол себепті астролог қаржымен етене жұмыс істейтін адамдарға бағалы қағаздар мен келісімшарттарға абай болу керектігін ескертеді. Бұл кезеңде ақшаны оңды-солды шашу, ысырапшылдық белең алуы ғажап емес.

Айдың ортасы мен соңы – пластикалық ота үшін қолайсыз кезең.

Ал енді айдың әр күніне арналған болжам мынадай:
4 ақпан – физикалық және психологиялық тұрғыдан шаршау, өзімшілдік. Адам өзін ешкімге керексіз сезінуі мүмкін, бірақ мұнымен қоса өзінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысады.

5, 6, 7 ақпан – өз позициясын білдіруге сәтті кезең. Ойға тың идеялар мен жаңа бастамалар келеді, пікірлестермен командалық жұмыс жүреді.

8, 9 ақпан – қарым-қатынас орнату, еркіндік рухы. Адамның жан-дүниесі тыныштық пен жайлылық іздейді.

10, 11 ақпан – эмоцияға берілу, құбылмалы көңіл-күй, ақыл-ой жұмысы, белсенділік. Адамдар жаңа әсерлерді іздейді.

12, 13 ақпан – үй мен отбасылық тірліктерге, жақын әрі сүйікті адамдармен уақыт өткізуге таптырмас кезең.

15 ақпан – энергия алмасады. Адам туыстарынан гөрі бейтаныс жандармен араласуды, жаңа өзгерістерді қалайды.

16, 17 ақпан – жаңа жоспар құратын күн.

18 ақпаннан бастап күш-жігер жұмсап, ден қоймаса, жоспардың іске асуы екіталай. Бірақ жоспарды нақтыласа, оң нәтижеге қол жеткізуі мүмкін.

22, 23 ақпан – ішкі түйсік, икемділік, бейімделу. Рухани құндылықтарға ғана емес, алыпсатарлық, пайда табу үшін де сәтті кезең.

24 ақпан – албырттық, күтпеген әрекет, ұрыс-керіс. Электр энергиясымен абай болыңыз, тұрмыстық жарақат алуыңыз ғажап емес.

26, 27, 28 ақпан – адамдар сөзге келеді, эмоцияны жасыру қиынға түседі, бір-біріне өкпелейді. Бірақ наурыз айының басында араларындағы мәселені шешіп, татуласады.

Астролог ақпанның 14, 15 және 22 күндері кешкі уақытта кездейсоқ жағдайлардан сақ болу керегін ескертіпті. Ал 7, 12, 18, 26 және 27-сі жаңа бастамалар үшін сәтті болады дейді.

Е. ЕРКЕЖАН.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста