АҚ пен ЖАҚ-тың айырмашылығы не?
Жабық акционерлік қоғамның акционерлік қоғамнан қандай айырмашылығы бар?
Талғат Нысанбаев, Ақтөбе
Акционерлік қоғам (АҚ) – жарғылық қоры акционерлердің арасында таратылған акциялардың белгілі бір санына бөлінген заңды тұлға, мұндағы акциялардың саны олардың пайдадан өзінің үлесін (дивидендтер) алуы құқығын куәландырады. Акционерлер АҚ міндеттемелері бойынша жауап бермейді және оның қызметімен байланысты залалдарды шегуге өздеріне тиесілі акциялар шегінде тәуекел етеді. Бағалы қағаздар шығару арқылы қаржы ресурстарын жұмылдыру акционерлік қоғамның басты артықшылығы болып табылады.
Жабық акционерлік қоғам – акциялары тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арасында таратылатын АҚ. ЖАҚ өзі шығаратын акцияларды тек жабық тәсілмен ғана орналастыруға құқылы. Өз акцияларын сатқысы келетін жабық акционерлік қоғамның акционері оларды қоғамның басқа қатысушыларына сатып алуды ұсынуға, олар бас тартқан жағдайда қоғамның өзіне сатып алуды ұсынуға міндетті.