Балаларым апельсин шырынын ішкенді жақсы көреді. Апельсин сөлінің қандай пайдасы бар? Оны көп ішкеннің зияны жоқ па?
Бақытгүл Сәрсенбаева, Алматы қаласы
Апельсин шырыны – адамның тәбетін жақсартатын өнім. Медицинада оның ең әуелі С дәрумені жетіспеушілігінен болатын құрқұлақ ауруына қарсы бірден-бір ем екені дәлелденген. Тропикалық өнімнің сөлі тіс пен қызыл иек арасын бактериялардан тазартып, нығайтады. Апельсинді науқастардың ағзасын қалпына келтіру үшін де қолдануға болады. Әсіресе ол бауыр, жүрек, қан тамырлары, гиповитаминоз ауруларымен ауыратындар үшін аса пайдалы. Өнім құрамындағы биологиялық белсенді заттар мен пектиндер ас қорыту және тоқішектің моторлы қызметін жақсартып, ішектерді табиғи қалдықтардан тазартады. Адамның күнделікті ас мәзірінде апельсин немесе оның шырыны тамаша десерт ретінде қолданылуы тиіс. Жеміс сөлін балалардың көп ішкенінен зиян жоқ.
Апельсин шырынын көп ішу зиян емес пе?
Последние статьи автора