Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың күнделік жүргізуде өте ұқыпты болғаны айтылады. Күнделіктері қанша дәптерді құрайды?
Әсия, Ақтөбе
Соғыс кезінде жазған күнделіктері 15 дәптерді құрайды. Бұл күнделіктердің түпнұсқасын жазушы көзі тірі кезінде орталық мұрағатқа тапсырған екен. Ал соғыстан кейінгі журналистік жылдарында жазғандары 200-ден аса дәптерді құрайды, ал 1973 жылдан бері жазған күнделіктері қалың 130 дәптер болады.
Сондай-ақ жазушы түрлі адамдардың қолтаңбалары қойылған кітаптарды жинаған. Олардың саны 1500 кітапты құрайды. Олардың ішінде Дінмұхаммед Қонаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов сияқты көптеген өнер адамының, ғалымдар мен ақын-жазушылардың қолтаңбалары бар.
Ә.Нұршайықов күнделік жүргізіп, қолтаңба жинайтын
Последние статьи автора