Қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдарынан антиглобалистердің қарсылық әрекеттері туралы көріп жатамыз. Антиглобализмнің мәні не?
Алтай БАЙЖАНОВ, Ақтөбе облысы
Аты айтып тұрғандай, антиглобализм – қазіргі кездегі жаһанданудың белгілі бір үрдістеріне, әсіресе Дүниежүзілік сауда ұйымы секілді трансұлттық, сауда-үкіметтік ұйымдарға, әлеуметтік теңсіздікке қарсы бағытталған саяси қозғалыс. Әлемдегі антиглобалистік топтар қатарына марксистер, пацифистер, жануарларды қорғаушылар, анархистер, «жасылдар», изоляционистер, ұлтшылдар, экологиялық, студенттік, соғысқа қарсы қозғалыстар, аборт жасауға қарсы, тұтынушы құқығын қорғаушылар ұйымдары кіреді. Қазіргі кезде әлемде 2500-ден астам антиглобалистік ұйымдар бар екен. Әлемнің әр еліндегі антиглобалистік ұйымдар Бүкіләлемдік әлеуметтік форум аясына топтасқан.
Антиглобалистер «үшінші әлем» елдері мен дамыған елдер арасындағы алшақтықты азайтуды көздеп, неолиберализм идеологиясының үстемдігіне, бұқаралық поп-музыкаға, шығармашылық еркіндікті тұншықтыруға, ақылды «стандарттауға», табиғатты жыртқыштықпен пайдалануға, ортаға залалды өнеркәсіпке қарсылық білдіреді. Мәселен, 1998 жылы Францияда антиглобалистік «АТТАК-Франция» қауымдастығы барлық қаржылық операциядан түскен пайданың 0,1 пайызы кедейлікпен күреске және дамушы елдердің экономикасын көтеруге бағытталған «Тобин салығын» енгізуді талап етті.
Антиглобализм кімге қарсы қозғалыс?
Последние статьи автора