«Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасының ерекше талант иелері туралы бір хабарына қатысқан рок әншісі Әсем Көпбаева өзінің қазақстандық рекордтар кітабына енгенін білмейтінін айтып қалды. Әнші қыздың есімі кітапқа не үшін енген және онда басқа кімдер бар?
Мұхит АЛДИЯР, Алматы
Әсем Көпбаева қазақстандық рекордтар кітабына рок-музыканы қазақ тілінде орындайтын, ұлты қазақ тұңғыш әнші қыз ретінде енген. Бір қызығы, Әсемнің есімі бұл кітапқа 2009 жылы қосылған. Өзінің айтуынша, әнші қыз оған ену үшін айтарлықтай ештеңе істемеген, ондай кітаптың бар екенін осыған дейін тіпті білмеген және рекордтар кітабына енуге ешқашан тырыспаған да екен.
Гиннесстің рекордтар кітабынан бір ерекшелігі – қазақстандық рекордтар кітабында адами іс-әрекеттің кез келген саласы бойынша еліміздің аймағында орын алған рекордтар туралы мәліметтер жинақталған. Аталған жобаның бастамашысы – «Тұран» университетінің қызметкерлері. Кітапқа Әсеммен қатар, Олимпиада чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров, Ольга Шишигина, ең жас қазақстандық суретші Томирис Серік есімі де енген.
Әнші қыздың есімі кітапқа не үшін енген?
Последние статьи автора