Әмір Темір қай елдерді бағындырған?

Әмір Темір жаулап алған елдер жайлы білгім келеді.
Есім,
Түркістан қаласы
Әмір Темір жасақтары Хорезм мемлекетін (1372-1388), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұл­тания (Оңтүстік Әзербайжан, 1384), Тебриз (1384), Иран және Ауғанстанды толық бағындырған. Темір әскері бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күй­ретті. 1370-1390 жылдары Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орда­ны талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 1390 жылдары Әзірбайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Әмір Темір мемлекетінінің құрамына енді. 1398 жылы Үндістанды басып алды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағынды­рылды. Сондай-ақ Азияның басқа мемлекет­тері де Әмір Темірдің билігін мойындады. 1402 жылы жазда Әмір Темір Анкара шай­қасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Бая­зидті (Баязид) тұтқындады. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шығып, жолда Оты­рарда қайтыс болған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста