Алып сәби дүниеге келді
Ресейдің Кемерово облысында салмағы 6 келі 170 грамм болатын сәби туылды. Алып нәрестенің өмірге келуі Кузбасс өңірінде 20 жылда тұңғыш рет тіркеліп отыр.
Жастары отызға толмаған ерлі-зайыпты Линовтардың тұңғыш ұлының денсаулығы жақсы. Кемерово облыстық халық денсаулығын қорғау департаменті мамандарының мәліметінше, сәби кеудесінің көлемі – 44 см, яғни үш айлық нәрестенің өлшемімен пара-пар. Салмағы 6 келіге жететін бала бұған дейін ақпан айында Хабаровскіде дүниеге келген. Ал 2007 жылы Алтай өңірінде туылған 7,75 келілік қыз бала Ресей тарихындағы ең алып сәби саналды. Бірақ Гиннесстің рекордтар кітабында бұл жөнінен алғашқы орында 1955 жылы өмірге келген италиялық азамат тұр. Оның туылған кездегі салмағы 10,2 келі болған.