«Алтын акция» дегеніміз не?
«Алтын акция» деген не және банкілік холдингілерге «алтын акцияны» шығаруға рұқсат беріле ме?
Дәулет ӨМІРЗАҚОВ, кәсіпкер
Экономист-сарапшы Тоғжан Шаяхметованың айтуынша, «Алтын акция» иесі акционерлердің, директорлар мен атқару органдары кеңестерінің жалпы жиналысының шешімдеріне тыйым сала алады. «Алтын акциямен» куәландырылған тыйым салу құқығы басқа біреуге табысталмайды. «Алтын акция» жарғылық капиталға қатыспайды және дивидендтер алмайды. Мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау аясында әртүрлі тәсілдер қарастырылған. Мысалы, банкілерге қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ерте елеу шараларын, банктің қабылдаған шешімдеріне «алтын акция» иесінің тыйым салуы толық көлемде реттеушінің өз қызметін жүзеге асыруға жағдай жасамайды. Банкілік холдингілерге қатысты мәселе қозғасақ, мұнда олар қаржылық нарықтың реттеулі субъектісі болғандықтан, «Алтын акцияны» шығаруға рұқсат берілмейді.