Алматыдағы №1 қалалық аурухана ауласынан емдік су шығады деген сөз рас па?

Алматыдағы №1 қалалық аурухана ауласынан емдік су шығады деген сөз рас па?

-Мен №1 қалалық клиникалық аурухананың ауласынан емдік су шығады деген сөзді естіп едім. Бұл қаншалықты рас?

Айдана, Алматы қаласы

Бұл сұраққа Алматыдағы №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері, медицина ғылымының докторы Дамир ДӘУЛЕТБАЕВ жауап береді:
–Бұл аурухананың ашылғанына 30 жылдан асты. Халық арасында бұл мекеме «Қонаев ауруханасы» болып аталып кеткен. 1972 жылы геологтар осында қазба жұмыстарын жүргізіп, екі мың метр тереңдіктен 68 градустағы жылы су тапқан. Оны кейін зерттегенде судың емдік қасиеті бар екендігін анықтаған. Осылайша бұл «Ақсай» жер-су қоймасы болып аталып, судың көзін ашып, емдеу орнын салған. Ол уақытта компартияның дәурені жүріп тұрған кез болатын, Орталық компартия мұны алғашында партия қызметкерлеріне арналған санаторий ретінде ашпақшы болған. Сөйтіп бұған қыруар қаржы бөліп, құрылыс жүргізіледі. 1982 жылы ғимарат салынғаннан кейін қазақтың маңдайына біткен біртуар дара тұлға Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев қалада аурухананың жетіспеушілігін ескеріп, мұны тек партия қызметкерлеріне ғана емес, жалпыхалықтық аурухана етіп өзгертеді. Алғашында санаторий ретінде салынғанымен, Димаш атаның бастамасымен қосымша қаржы бөлініп, ауруханаға керек-жарақты қондырғылар алынады, операциялық бөлмелер ашылады. Мұнда 300 орындық конференция залымыз бар, бассейін салынған. Мұның барлығы Димекеңнің қолдауымен, тікелей қамқорлығымен жүзеге асқан. Керек десеңіз, сол 82-жылдары мұндай аурухана Кеңес Одағына қарасты елдердің ешқайсысында болмаған. Ішінің барлығы мрамор, палаталар, дәретхана, душқа дейін заманауи үлгіде жасалған. Тіпті аурухана қызметкерлеріне арналып көпқабатты үйлер, жатақханалар салынған. Өз су ұңғымасы (скважинасы) болады. Ол кез заманның тапшылығы болса да, шетелден керемет мебельдер алып келінеді. Ол уақытта бұл ауруханаға жатып емделу халық арасында арман болатын. Мұндай заманауи емдеу орнын қарапайым халыққа ұсынуы Димекеңнің ұлылығы деп білемін.
Өкініштісі сол, егемендігімізді алғаш алып, оңтайландыру кезінде бұл аурухана да қаржының қыспағына ілікті. Аурухана қызметкерлеріне берілген көпқабатты үйлер мен жатақханалар сатылып кетті. Храпуновтың кезінде су ұңғымасы жекеменшікке берілді. Үлкен территориясынан айрылып, тоз-тозы шықты. Қазір біз ұңғымадағы суды бір кәсіпкерден сатып алуға мәжбүр болып отырмыз. Ол мұны оңтайландыру кезінде 49 жылға жалға алған. Мұнда келген бас дәрігерлердің барлығы қанша соттасса да, әлгі кәсіпкерден халықтың игілігі үшін берілген емдік суды аурухананың өз балансына ала алмай отыр. Елдің игілігі үшін қазылған ұңғымадағы емді суды халық тегін пайдалануы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста