Алимент төлемегені үшін үйді тартып алуға бола ма?
Менің інім бірінші баласы туғанда әйелі оған алиментке арыз берді, дәл сол уақытта олар бірге тұрып, олардың екінші балалары туған болатын. Олар азаматтық некеде тұратын. Енді олар айырылысып, ініме екі балаға да алиментті уақытында төлегеніне қарамастан, бірінші баласы үшін қарыз санап және пәтерді арестке салған болатын. Ол пәтерге салынған арестті алып тастауға бола ма?
Ісмет
Қазақстан Республикасының «Атқару өндірісі мен сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 99 бабына сәйкес, алимент төлемдерiн жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы қатарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаған жағдайда олар борышкердiң кез келген мүлкiнен оған, пәтердегі үлесі де өндiрiп алынуға жатады.
Тыйым салу (арест) бүкіл пәтерге емес, тек борышқорға тиесілі бөлігінде ғана салынуы мүмкін. Егер де алимент бойынша қарыз төленбесе, онда сот орындаушысы пәтердің борышқорға тиесілі үлесін саудаға салуға құқығы бар.
Егер де ініңіз белгіленген қарыздың сомасымен келіспесе, ол сот орындаушысының әрекеттеріне сотта арыздана алады.
Егер де қарыздың сомасына ешқандай мін білдірілмесе, онда тыйым салуды (арестті) толық алудың бір ғана жолы ол оның толық төленуі болып табылады.
Адина А, заңгер
meninkyzmetim.ucoz.kz