Баяғыда Ресей жері болған Аляска АҚШ-қа қанша бағаға сатылды екен? Қазіргі Американың ең үлкен штаты болып отырған Алясканы сол кезде сатпай-ақ қойса да болмас па еді?
Мырзабек ЕСЕНТАЕВ, Алматы облысы
Аляска жері 1799 жылдан 1867 жылға дейін орыс-америка компаниясының иелігінде болып келді. Ресей патшасы ІІ Александр крепостық құқық жойылғаннан кейін помещиктерге өтемақы төлеу үшін Ротшильдтерден жылына 5 пайыздық үстемемен 15 млн фунт стерлинг көлемінде қарыз алады. Кейін бұл қарызды қайтару үшін патшаның інісі оның ақысына Алясканы сату жөнінде ұсыныс жасайды. 1867 жылы аумағы 1 млн 519 мың шаршы шақырым болатын Аляска жері 7,2 млн долларға АҚШ-қа сатылады. Яғни әр шаршы шақырым 4,74 долларға бағаланған екен. Бұл сома қазіргі есеппен қарағанда 100 млн доллардан сәл асады. Аляска сатылғаннан кейін арада 30 жыл өткенде бұл жерден алтын, мұнай, газдың, өзге пайдалы қазбалардың аса мол қоры ашылады. Тек мұнай мен газдың қоры 100-180 млрд долларға бағаланды. Егер Ресей Алясканы сатпаған жағдайдың өзінде одан айырылып қалуы әбден мүмкін болатын. Кырым соғысы, Қиыр Шығыстағы соғыстар Ресейге Алясканы сақтап қалудың мүмкін еместігін көрсетеді. Оның үстіне Ресейдің бақталасы саналатын жаулаушылық саясатын белсенді жүргізген Британ империясы бұл өңірді Канадаға қосып алар еді.
Аляска АҚШ-қа неге сатылып еді?
Последние статьи автора