Әжелеріміздің оюмен өрнектеп кесте тіккенін көріп өстік. Мен де ісмерлік өнерге қатты қызығамын. Осы ою-өрнек тарихы қай кезден бастау алады?
Сағира СЫДЫҒАЛИЕВА, Жамбыл облысы
Сонау алғашқы қауымдық құрылыс кезінде үңгірді мекендеген адамдар өздерінің тірлігін сурет арқылы баяндап, үңгір қабырғаларына қашап салған екен. Бұл туралы археологиялық деректер мен ғылыми еңбектер жеткілікті. Одан бері келетін болсақ, б.д.д. V-ІІІ ғғ. сақ дәуіріндегі Пазырық қорғандарынан табылған ою-өрнектер – қазіргі біздің ою-өрнектерден айна қатесі жоқ дүниелер. Сондықтан қазақ болып қалыптаспай тұрғанның өзінде ою-өрнектің тілі қазіргі ою-өрнектің тілімен бірдей болып тұрғандығы қайран қалдырады. Соған қарап, бейнелеу өнерінің тарихы тіл өнері қалыптаспай тұрғаннан да бұрын басталғаны байқалады. Күні кеше Берел қорғанынан табылған зергерлік алтын бұйымдар қазақ халқының материалдық байлығының негізі екендігінде дау жоқ. Ондағы аң стилімен жасалған бұйымдарға қарап, зергерлік өнердің тым ерте дамып, биік шеберлікке жеткендігіне ғалымдар қауымы көз жеткізіп отыр. Сондай-ақ Жетісу, Шілікті жазығындағы обалардан табылған Алтын адамдардың бойындағы әшекейлер тым биік талғам, асқан шеберлікпен орындалуы тіпті бүгінгі зергерлердің қолынан келе бермейтіндей.
Алғашқы ою-өрнектер қашан пайда болған?
Последние статьи автора