Осыдан бiрнеше жыл бұрын Нобель сыйлығы бiрiншi рет мұсылман әйелiне берiлдi деп естiп едiм. Ол қай елдiң өкiлi?
Ернат БАЙБӨРИЕВ, Райымбек ауданы
2003 жылғы Нобель сыйлығына мұсылман әйелдерiнiң iшiнде алғашқы болып ие болған адам құқық қорғаушы, заңгер ирандық Ширин Эбади. Ол мұндай мәртебелi сыйлықты бейбiтшiлiк номинациясы бойынша алған. Бейбiтшiлiк саласы бойынша лауреатты анықтау аса қиынға түскен көрiнедi. Атақтан 165 қайраткер үмiттi болған. Олардың қатарында Рим папасы Иоан Павел II, Франция президентi Жак Ширак, Чехияның бұрынғы президентi Вацлав Гавелдiң болғаны белгiлi. Солардың iшiнен таңдау Эбадиге түскен. Алайда Ширин бұл атаққа өзiнiң ұсынылғанын бiлмеген де екен. Ширин Эбадидiң үлкен қоғамдық iсi, атап айтқанда, демократия және ана мен баланың құқы жөнiндегi күресi өз кезiнде Ислам революциясының жетекшiлерiне ұнай қоймаған. Еш қиындыққа қарамастан Эбади демократия үшiн күрескендерге шамасы келгенше ара түсiп, оларды ақтап алуға тырысқан.
Алғаш Нобель сыйлығын алған мұсылман әйел
Последние статьи автора