Өзбекстанда тұрамыз. Әзірше көшіп келе қойған жоқпыз, жолдасым еңбек мигранты ретінде Қазақстанда жұмыс істеп жүр. Ол осы жерден әлеуметтік жеке код ала ала ма?
Нәзира ЕРЖАНОВА, Алматы қаласы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Еңбек кодексі бойынша, негізі, еңбек мигранттарын жұмысқа орналастыруда одан көші-қонға қатысты құжаттарына қоса, әлеуметтік жеке код берілгені жөніндегі куәліктің көшірмесі де талап етіледі. Бірақ оралмандар мен гастарбайтерлердің әлеуметтік жеке код алуына қатысты бірқатар мәселелер әлі де дұрыс жолға қойылмай келеді. Үкімет қаулысымен бекітілген ӘЖК берудің ережесі бойынша, өтініш білдірушіден жеке басын куәландыратын, атап айтқанда, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасы берген жеке куәлік және төлқұжат, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына рұқсат беретін басқа да құжаттар сұралады. Қалыптасқан тәжірибеде өкілетті органдар еңбек мигранттары мен оралмандарға ӘЖК алу туралы өтінішін кейін қайтарып жатады. Оның себебі аталған азаматтарда жоғарыдағы ережеде көрсетілген құжаттар, әсіресе Қазақстан азаматтығы болмайды.
Әлеуметтік жеке кодты қалай аламын?
Последние статьи автора