Қазір әлем мемлекеттеріне ауаны ластайтын газ қалдықтарын азайту үшін түрлі талаптар қойылып жатыр. Соған байланысты атмосфераның сәл де болса тазаруы байқала ма?
Сара ЕСЕНЖАНҚЫЗЫ, Тараз
Мамандар қаржы дағдарысы кезеңінде ауаға тарайтын зиянды газ қалдықтарының көлемі азаяды деп топшылаған болатын. Алайда БҰҰ-ның жанындағы Бүкіләлемдік метереология мекемесінің мәліметіне сүйенсек, индустриялық дәуір басталғалы бергі уақытты қарастырғанда, соңғы жылдары түрлі газ қалдықтарының атмосфераны ластауы рекордтық көрсеткішке жетті. Әсіресе көміртек қос тотығының (СО2), метан (СН4) және азот қышқылы секілді негізгі зиянкес концентранттардың көлемі артып отыр. Осылардың арасынан метан қалдықтары ғаламдық жылынуға себеп болуда. Ғалымдардың есебіне сенсек, газ қалдықтарын тудыратын әлемдегі барлық өнеркәсіп орындарын жауып тастағанның өзінде, атмосфера шамамен 100 жылдан кейін ғана толық тазарады. БММ-нің бас хатшысы Мишель Жарроның айтуынша, бұл кері құбылысты сейілтуге Киота хаттамасы жеткіліксіз құжат болып шықты.
Әлемдік өнеркәсіпті бір ғасырға тоқтатса ғана атмосфера тазарады
Последние статьи автора