Әлемдік бокс сериясында ұпайлар қалай үлестіріледі?

Теледидардан «Астана арландары» клубының WSB (Әлемдік бокс сериясы) аясындағы кездесулерінің бәрін үзбей көремін. Осы бокс кездесулеріндегі ұпай үлестіру жүйесін түсінбей жүрмін. Жеңген командаға үш ұпайдан береді. Бірақ екі команданың тең түсуі мүмкін болмаса да, кейбір командаларға 1 ұпай беретіндей. Мысалы, 8 кездесу өткізген «Астана арландарының» 16 ұпайы бар. Он алтыншы ұпай қайдан келді?
Ербол ӨМІРЗАҚ,
Қарағанды облысы
Сұрағыңыз өте орынды. Басында өзіміз де түсінбей қалып, АІВА сайтындағы WSB ережелерін бастан-аяқ оқып шығып, оның «сырын» білдік. Әрі отандық маман­дардан сұрап, сайттан оқыған ереженің дұрыс­тығына көз жеткіздік.
Сонымен Әлемдік бокс сериясында кез келген жеңіс үшін 3 (үш) ұпай беріледі. Сондай-ақ 2:3 есебімен жеңілген командаға 1 (бір) ұпай беріледі. Ал 1:4 және 0:5 есебімен ұтылған командаларға ешқандай да ұпай берілмейді.
Енді «Астана арландарының» 16 ұпайын тара­тайық. Қазақстан клубы 8 кездесу өткізіп, соның бесеуінде жеңіске жетіп, үшеуінде ұтылып қалды (үшеуінде де –Баку клубынан). Бес жеңісі үшін 15 ұпай алады (5 х 3 = 15). Ал он алтыншы ұпайды «Баку оттарынан» 2:3 есебімен ұтылып, едәуір қарсылық көрсеткендері үшін еншілеген. Қалған екі кездесуде әзірбайжандықтардан 1:4 есебімен ұтылғандықтан, астаналықтарға ешқандай ұпай берілген жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста