Әлемдегі жалғызбасты әйелдердің саны – 245 миллион
Ауғанстандағы қақтығыстар әлі де тоқтаған жоқ. Соғыста ер адамдардың көп қаза табатынын ескерсек, бұл аймақтағы жесір қалған әйелдердің саны қаншаға жетті?
Арнұр АЙТЖАНҰЛЫ, Талдықорған
Сан жылдық соғыстың салдарынан Ауғанстанда жесір қалған әйелдердің саны қазір 2 миллионнан асты. Халық санына шаққанда, бұл өте қауіпті көрсеткіш болып табылады. Ал, жалпы, жер бетінде 245 миллион жесір қалған әйел бар. Жобамен алғанда соның 115 миллионы кедейшілікте өмір сүреді. Әлемдегі жалғызбасты әйелдердің қолында 500 миллиондай жасөспірім тәрбиеленуде. Мемлекеттер арасында жесір әйелдердің ең көптігі жағынан Қытай көш бастап тұр – 43 миллион. Алайда халық санына шаққанда бұл көрсеткіш қалыпты болып табылады. Екінші орында – Үндістан (42,5 млн). Келесі кезекте АҚШ – 13,5 млн, Индонезия – 9,4 млн, Жапония – 7 млн және Ресей (7 млн) елдері саналады. Ал Қазақстандағы жалғызбасты әйелдердің саны 250 мыңды құрайды.